"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов мүгедектігі бар, көпбалалы әкеге жеке көлігін тарту етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Өздеріңіз жақсы білетін, үш жылдан бері қызмет еткен көлігімді біреуге себепсізден-себепсіз, бір жігітке тарту етемін деген шешімге келдім. Мұны сатып, өз қажетіме жаратсам да болатын еді. Бірақ біреуге себепсіз сыйлағым келіп отыр", – деп жазды ол.
Әнші үш жыл жүргізген көлігін екі аяғынан айырылған Нұржан есімді азаматқа табыстады.
"Әкеме жаңа көлік әпере алмадым. 29 наурыз туған күніне енді сыйлаймыз дегенде әкеміз бақилық болып, үлгермей қалдық. Сол жасамаған жақсылықты өзгелерге сыйлағым келді. Осы көлікті өзіңізге сыйлаймын. Әкеме деген "әттеген-ай" деген көңілім осымен жазылса екен. Сіздің де көңіліңіз көтерілсін.Алла разылығы үшін", – деп жазды өнер иесі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!