Талдықорған медицина колледжінің директоры Серік Жансеңгіров оқу орнындағы унитаздар арасында неге жауып тұратын қабырғалар жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Медицина колледжінің дәретханаларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Кестеге сәйкес, жұмыстар 2022 жылғы қыркүйектің соңына дейін аяқталуы тиіс.
"2022 жылғы 13 маусымда мемлекеттік сатып алу бойынша тендер жарияланды, бірақ ол болған жоқ, қайта өтінім бердік. Байқау 2022 жылғы 18 тамызда өтті. Нәтижесінде оқу жылы басталғанға дейін үлгерілмеді. Бұл сурет жөндеу жұмыстары кезінде түсірілді, осылайша, әлеуметтік желілерге жарияланған. Мердігер шартқа қол қойылған сәттен бастап колледждің оқу корпустарында кезек бойынша өз міндеттемелерін орындайды" - деді Серік Жансеңгіров.
Медицина колледжінің директоры Tengrinews тілшісіне оқу орнының басқа дәретханаларының суретін көрсеткен. Онда дәретханалар аралары жабық екені, ал есіктерде құлып бары көрінеді.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Талдықорған медицина колледжінің дәретханасында түсірілген суреттер жарияланғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!