Америкалық әйгілі актер Леонардо Ди Каприо киіктердің популяциясын көбейткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Оның айтуынша, ақбөкендер жойылып кетуі мүмкін жануарлардың тізіміне енген, алайда бұл түр бойынша жетістік бар.
"Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын білдіреді. Бір кездері 2005 жылы 48 мың ғана болған, қазіргі таңда (киіктердің - еск.) саны 1,9 миллионға дейін өсті. Браконьерлікке қарсы бастамаларға, құқық қорғау органдарына және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олар табиғатты қорғау ұйымдары, университеттері мен ғалымдары бірлескен күш-жігерге негізделген табиғатты қорғау саласындағы шынайы табыстың тамаша үлгісін көрсетіп отыр", - деді актер.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз