Танымал блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов анасына пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.
"Анама көптен бері армандаған нәрсені алып бердім. Бала кезімде жеке көлігіміз, кең пәтеріміз болса деп армандайтыным есімде. Содан ықшамауданда тұрдық, пәтеріміз тар еді. Дегенмен ол жайлы әрі махаббатқа толы болды! Анам бізді бала кезімізден спортқа баулыды. Жаңбыр мен қар, тіпті аязға қарамай, анам менің футбол ойнағанымды көретін! Әлі есімде, анаммен 86-автобуспен қайтатынымыз, қолында бәліш пен лимонад бар. Бұл ең қызық уақыт болды, мен оны ешқашан ұмытпаймын!" - деп жазған ол.
Сондай-ақ, ол кішкентай кезінде қандай арманы болғанын айтты. Оның айтуынша, әпкесі күйеуге шыққан соң, анасымен пәтерде жалға алып тұрған. Анасы бір пәтер қатты ұнайтынын айтқан.
"Қымбат көліктер мен салынып жатқан жаңа үйлердің маңынан өтіп бара жатып, бір күні анама осындай пәтер алып беремін деуші едім. Ол "қай істі қолға алсаң да көшбасшы болуға тырыс!" дейтін. Анашым, енді бұл пәтер сіздікі. Енді ағаш отырғызу, жар болатын қыз кездестіру және ұл тәрбиелеуім қалды. Барлығыңа осындай сезімді бастан кешуге, жақындарың армандаған нәрсені сыйлауды тілеймін", - дейді блогер.
Желі қолданушылары блогерді құттықтап, пікір қалдырған.
"Анаңмен бірге жыладым! Құтты болсын!", "Әр ананың осындай баласы болсын", "Анаға лайық сыйлық, бақытты болсын", "Үйіңіз бақыт пен шаттыққа толсын!", "Үлгі бола білдің", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!