- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елорда құрылыс
Үлескерлер мәселесін шешу үшін құрылған “Елорда құрылыс компаниясы“ жабылады
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әкімдіктің "Елорда Құрылыс" мемлекеттік құрылыс компаниясын жабу жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әкім ОКҚ алаңындағы брифингте мәлім етті.
"Келесі жылы біз оны таратқымыз келеді, өйткені ол шексіз жұмыс істей алмайды. Қазірдің өзінде үлескерлердің екі толқынын мемлекет бюджет есебінен қаржыландыруға мәжбүр болды. Қала тұрғындары бұл сіз бен құрылыс компаниясы арасындағы келісімшарт қатынастары екенін түсінгені абзал. Егер сіз төлемді төлей алмасаңыз, мемлекет сіз үшін құрылыс компаниясына қосымша ақы төлемейді. Егер сіз келісімшарт жасаған құрылыс компаниясы құрылысты аяқтай алмаса, мемлекет бұл үйлерді аяқтауға міндетті емес", - деді Қасымбек.
Осылайша, үлескерлер мәселесін шешу үшін әкімдік тікелей қаржыландыру көзін тоқтатпақ. Әкім проблемалық үлестік құрылыстың екінші толқыны 16 мың отбасы мен 140-қа жуық аяқталмаған үйді қамтитынын атап өтеді.
Компания жайлы
"Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС 2018 жылы Астана қаласында проблемалық үлестік құрылыс нысандарын аяқтау мақсатында құрылды. 2024 жылы компания басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Биылғы жылдың қазан айында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС бас директоры Руслан Қадесов пен оның делдалдық жасаған серіктесі О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет