- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Ұлдарым қыз асырап...
“Ұлдарым қыз асырап алайық дейді“. Ләйлә Сұлтанқызы тағы бір мәрте ана атана ма?
Ләйлә Сұлтанқызының ұлы анасына ішкі қалауын ашық білдіріпті. Танымал тележүргізуші, журналист ұлдарының қалауына қарсы емес екенін жеткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Журналист бала асырап алудың түрлі жолдарын іздестіріп жатқан көрінеді.
"Бала асырап алудың 4 жолы бар: асырап алу, қамқоршылыққа алу, патронат және өз отбасына қайтарылады", – деген ақпаратпен бөлісті Ләйлә Сұлтанқызы.
Ләйлә Сұлтанқызының екі ұлы бар. Ұлдары үнемі "Анашым, қыз асырап алайық" деп, ішкі қалауларын білдіреді екен. Енді Ләйлә Сұлтанқызы тағы бір мәрте ана атану жолдарын қарастырып жатқанын білдірді. Бала асырап алудың жолдары қандай, тәсілдері мен талаптарын толық зерттеп жатқаны туралы айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева