Танымал әнші Төреғали Төреәлі қарындасы Фариза Төреәліні сәбилі болуымен құттықтап, әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі халыққа да алғысын білдірді.
"Баяғыда бір жеңешеміз "Тым жақсы ұл туайын деп жатыр едім, улап-шулап қыз туғыздыңдар ғой" деген екен. Қуанышымызды бөлісіп, құттықтап жатқан ағайын, Алла бақтарыңызды еселей берсін! Алланың қалауымен нағашы болып жатырмыз! Аллахым салиқалы сәби берсін, сәби құран жаттаған қари болсын, уа ағайын Дархан мен Фаризаның, осы бір қуанышын әр үй көрсін", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Фариза Төреәлі қуанышты жаңалыққа Төреғали Төреәлінің реакциясын көрсеткені хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!