- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Улануы мүмкін“ деген...
“Улануы мүмкін“ деген депутат Ермұрат Бапидың жағдайы белгілі болды
"Улануы мүмкін" деген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидың қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық саясаткер Болат Әбілов депутатпен отырған видео жариялап, оның жағдайын сұрады.
"Бүгін жақында Германиядан тексеріліп келген депутат Ермұрат Бапимен сөйлестік. Берлиндегі "Шарите" клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан "Новичокты" (улайтын зат) таппады. Оның улануы мүмкін екені туралы қауесеттер расталмады", - дейді Болат Әбілов.
Ал депутаттың өзі денсаулығы жақсы екенін, Германияда диагноз анықталғандықтан емделуге баратынын айтады.
Еске салайық, шілденің басында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалған болатын. Депутат улану мен уландыруға қатысты күдік барын айтқан еді.
Депутат "кімнен күдіктенеді?" деген сұраққа жауап бере алмады.
"Қалай жауап беретінімді де білмеймін. Жұмысымның ерекшелігіне байланысты шай үстінде көп адаммен кездесуге тура келеді. Ешкімнің атын атай алмаймын", - деді Ермұрат Бапи.
Артынша, Бапи денсаулығына байланысты Еуропаға жол жүргелі жатқаны белгілі болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина