Ұлан Бекіш жаңа қызметке тағайындалды

Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Айнұр Серғазиева осы қызметтен босатылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!