"Ұл ма, қыз ба". Төреғалидің екінші қарындасы Дина Төреәлі сәбиінің жынысын айтты

Жақында желідегі оқырмандарына сүйінші жаңалығын бөліскен Дина Төреәлі гендер-патиінен әсерлі видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер гендер-патиге ең жақын деген туыстарын шақырып, өзара атап өткен.

Блогер гендер-патиді қыркүйек айында жасаған.

Дина Төрәлі бұл кешті өзі ұйымдастырғанын айтты.

Қонақтарға "ұл ма, қыз ба" деген сұрақ қойып, сауалнама жүргізген. Дина Төрәлінің әкесі де, анасы да ұл болады деп ойлайтындарын айтады. 

Бұл сұраққа әнші Төреғали Төреәлі де өз ойын айта кетті.

"Бұл аса бір маңызды сұрақ емес деп ойлаймын, бірақ қызықты сұрақ. Біз ұл болады деп ойлаймыз, өйткені Фари де қыз болады деп ойладық", - деді Төреғали Төреәлі.

Гендер-пати ерекше стильде өтті. Блогердің жолдасы Ернар Мұсабай кішкентай футбол добын тебеді, сол кезде оның ішінен көк түтін шығады. Дина Төреәлидің сәбиінің жынысы ұл екені белгілі болды.

Еске салайық, бұған дейін сәбилі болған Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі де бөпесінің жынысын жария еткен болатын.