Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі өзін ғаламтордағы сорақы заттар алаңдататынын жазған.
"Отбасылық демалыстан естелік болсын деп салған жып-жылы видеоны инстаграм өшіріп тастапты. Көргендер болса біледі, соңына қарай Айзонтай іш киімде атып шыққан еді, сол ұнамай қалса керек. Дұрыс шығар, ашық - шашық бейнеге тыйым салғаны ғой инстаграмның.
Менің сұрағым бар. Сонда интернет толы жалаңаштанған сорақы видеолар ше? Тегін. Бас та көре бер. Бұл сұмдыққа тоқтау бола ма өзі?! Ол тіпті мүмкін бе? Тик-тогың анау, жас-кәрі демей бәрі есінен адасқан есалаңша елірген видеолар салып жарысады. Атағың шықпаса жер өртенің кері. Қарадай қарап түңілесің. Оған құлақ асып жатқан тағы ешкім жоқ.
Әр жазбаңның астына анайы пікір жазатын парақшалар қаншама. Бұғаттағаннан басқа амалың жоқ. Жақсылық ойлайық дейсің ғой, бірақ жәй қарап отыра алмайсың. Ұл-қыз өсіріп отырған соң қорқасың, алаңдайсың. Амал жоқ, заман осы. Алла адастырмай, өздеріне сана берсін дегеннен басқа не?!…
Кішкентай баланың бейнесін аңдығанша, әуелі үлкендердің айуандығымен күреспей ме?!
Қалай ойлайсыз оқырман?!Даусымызды естіртейік!" - деп жазды өнер иесі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ тіліндегі сирек қолданылатын мақал-мәтелдер
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!