- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұл балаларды ұрлап...
Ұл балаларды ұрлап кетіп, жыныстық зорлық жасаған: Сауд Арабиясында педофил өлім жазасына кесілді
Фото:
elements.envato.com
Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының Джидда қаласында 4 наурызда педофил өлім жазасына кесілген. Бұл туралы осы елдің ІІМ хабарлады.
"Омар Әл-Баракат кәмелетке толмаған ұлдарды азғырғаны және ұрлағаны үшін, сондай-ақ, оларға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды", - деді ведомство өкілі.
Сот оны өлім жазасына кескен. Сонымен қатар, Джидда қауіпсіздік қызметкерін өлтірді деп айыпталған Мұхаммед Файди де осындай жазаға кесілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова