ҰҚШҰ отырысы: Астанада көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Астана көшелерінің жекелеген учаскелерінде 2024 жылғы 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі:

Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін) және Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).

Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін.

Дайындық іс-шараларына ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстарын пайдалану көзделген.

27 қарашада ҚР ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған.

"Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз