Армения мен Әзербайжан шекарасындағы жекелеген аудандардағы қалыптасқан жағдайды бағалау үшін ҰҚШҰ миссиясы жолға шығады. Бұл туралы ҰҚШҰ-дағылар 13 қыркүйекте өзара келісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров бастаған миссия тобы 15 қыркүйекте Арменияға ұшады.
ҰҚШҰ миссиясының басшысы-Бас хатшы Станислав Зась келесі аптада Арменияға жұмыс сапарымен баруды жоспарлап отыр.
Миссия құрамына ұйым хатшылығының қызметкерлері және ҰҚШҰ Біріккен штабының әскери қызметшілері болып табылатын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кірді.
13 қыркүйекте Армения ҰҚШҰ мен БҰҰ-дан ресми түрде көмек сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!