Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы жексенбі, 9 қазанда ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған", - делінген хабарламада.
Бұған дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесу өткізген болатын. Кездесуде Станислав Зась ҰҚШҰ-ның қырғыз-тәжік шекарасындағы дағдарысты жағдайды реттеуге көмектесуге дайын екенін білдірген.
7 қазанда Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Взаимодействие-2022", "Поиск-2022" және "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары аяқталды. Жаттығулардың бір кезеңі Жамбыл облысында өткені белгілі болды.
Ал Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі қазанда жоспарлаған ҰҚШҰ-ның "Нерушимое братство-2022" оқу-жаттығуларынан бас тартты. Бұл шешімнің себебі көрсетілмеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!