Украинаның барлық облысында әуе дабылы қағылды: Киевте екі тұрғын үйге зымыран соққысы жасалды

Украинаның барлық облысында әуе дабылы қағылды: Киевте екі тұрғын үйге зымыран соққысы жасалды
Фото: видео кадры

15 қарашада Киевте жарылыстар болып, әуе қорғанысы іске қосылды. Бұл туралы "Украинская правда" басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Киевтің сол және оң жағалауында тұратын тұрғындар жарылыс дыбыстары естілгені туралы хабарлаған. Басылым мәліметінше, қалада әуе қорғанысы іске қосылды.

Бұған қоса, Кривой Рог әскери әкімшілігінің басшысы Александр Вилкул мен Николаев облыстық әскери басқармасының төрағасы Виталий Ким Ресейден жаппай зымыран ұшырылғаны туралы мәлімдеді.

Украинаның 15 аймағында әуе дабылы қағылған.

Қала мэрі Виталий Кличконың айтуынша, екі зымыран тұрғын үйлерге түскен.

"Ел астанасына шабуыл жасалды. Алдын ала мәлімет бойынша, Печерский ауданында екі тұрғын үйге зымыран түскен", - деп жазды ол Telegram-арнасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан