Украиналық теннисші Римдегі турнирдің жартылай финалында ресейлікті жеңді

Украиналық теннисші Римдегі турнирдің жартылай финалында ресейлікті жеңді
Фото: Getty Images

Украиналық теннисші Ангелина Калинина Римдегі турнирдің жартылай финалында ресейлік Вероника Кудерметованы жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Матч 3 сағатқа жуық уақытқа созылып, украиналық теннисші 7:5, 5:7, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ангелина Калинина Римдегі турнирдің финалына шықты.

Енді екінші жартылай финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен латвиялық Елена Остапенко ойнайды.

Матч Астана уақытымен бүгін, 19 мамыр 23:00-ге жоспарланған. Алайда жаңбырға байланысты ойын әлі басталған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан