Украинаға соғыстан келтірілген шығын көлемі аталды

Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль соғыстан келтірілген шығын көлемін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қауымдастықтар мен аумақтарды даму министрлігі (Министерство развития громад и территорий) Дүниежүзілік банкпен бірге Ресей келтірген залалды 326 миллиард долларға бағалады. Яғни, бұл - тікелей залал, ол - тексерілген, физикалық залал", - деді премьер-министр Денис Шмыгаль ЕО мен Украина арасындағы Қауымдастық Кеңесінің 8-отырысының қорытындысы бойынша.

Оның айтуынша, бұл соманың 105 миллиарды - әртүрлі нысанды қалпына келтіруге қажет сома.

Денис Шмыгаль тез қалпына келтіру үшін 17 миллиард доллар қажет екенін айтты. Украина оның 3,4 миллиардын биыл, ал қалғанын 2023 жылы алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!