- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Украинаға 85 зымыран...
"Украинаға 85 зымыран соққысы жасалды". Зеленский халқына үн қатты
Фото:
©REUTERS
Украина президенті Владимир Зеленский елге 85 зымыранмен шабуыл жасалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Украинаға 85 зымыран соққысы жасалды. Баспанада болуға шақырамын, жаңа шабуылдар болуы мүмкін", - деді ел президенті.
Бұған дейін Украинаның барлық облысында әуе дабылы қағылғанын, Киевте екі тұрғын үйге зымыран соққысы жасалғанын жазған едік.
Киевтің сол және оң жағалауында тұратын тұрғындар жарылыс дыбыстары естілгені туралы хабарлаған.
Бұған қоса, Кривой Рог әскери әкімшілігінің басшысы Александр Вилкул мен Николаев облыстық әскери басқармасының төрағасы Виталий Ким Ресейден жаппай зымыран ұшырылғаны туралы мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш