Украинадағы соғыс пен Ресейдегі мобилизация Қазақстанның ақша аударымына қалай әсер етті?

Украинадағы соғыс пен Ресейдегі мобилизация Қазақстанның ақша аударымына қалай әсер етті?
Фото: elements.envato.com

Украинадағы соғыс пен Ресейдегі мобилизация Қазақстанның ақша аударымына айтарлықтай әсер етті. Ranking.kz зерттеушілері айлық динамика туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл қаңтар-қазан айларында халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы шетелден алынған қаражат көлемі 575,2 миллиард теңгеге жетті. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Транзакциялар саны 46,7 пайызға, яғни 1,4 миллионға дейін өсті, ал бір аударымның орташа чегі тиісінше 68 пайызға өсіп, 414,1 мың теңге болды.

Биыл шетелден Қазақстанға аударымдар көлемінің айтарлықтай өсуі Ресейден аударымдар есебінен қамтамасыз етілді. Мысалы, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Ресей Федерациясынан Қазақстанға 305,7 миллиард теңге аударылды. Бұл былтыр осы кезеңмен салыстырғанда бірден 6,7 есе көп. Ресей Федерациясының шетелден алынған қаражаттың жалпы көлемінен үлес салмағы бір жыл ішінде 19,6 пайыздан 53,1 пайызға дейін өсті.

Ақшалай қаражаттың едәуір көлемі Қырғызстаннан (биыл қаңтар–қазан айларында 82,7 миллиард теңге), Өзбекстаннан (42,4 миллиард теңге), АҚШ-тан (38,1 миллиард теңге) және Оңтүстік Кореядан (33,1 миллиард теңге) алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина