Әлем елдері Украинаға көмегін жалғастырып жатыр. Бұл қатарда Microsoft корпорациясы мен G7 де бар. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі оқиғаларға шолу жасады.
Сот "Мәскеу" крейсерінің 17 теңізшісі қаза тапқанын мәлімдеді - БАҚ
"Агентство. Новости" мәліметінше, сот Ресейдің бақылауындағы Севастопольде батып кеткен крейсерден 17 адам қаза тапқанын мәлімдеген. 13 сәуірде "Мәскеу" крейсері украиналық Нептун зымырандарының соққысына ұшыраған еді. Ал келесі күні кеме батып кетті.
Запорожье мен Днепропетровскіде жарылыстар болды
Запорожьедегі жарылыстардың себептері әлі белгісіз. Жергілікті тұрғындарға иран дрондарының қалаға қарай қозғалып жатқаны ескертілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Днепропетровскіде әуе қорғанысы жұмыс істеп тұр.
Украина 1138 адамды тұтқыннан босатты
"16 наурыздан бастап Үйлестіру штабының әскери тұтқындарға қатысты жұмысы аясында 1138 адамды азаматтық және әскери тұтқыннан босатуға мүмкіндік туды", - деді Украинаның әскери тұтқындарға қатысты үйлестіру штабы өкілі.
Бүгін Украинаның жартысы жарықсыз қалады
Украинаның он облысында және Киевте бүгін жарықты өшіру жоспарланып отыр. "Укрэнерго"баспасөз қызметі мәліметінше, бұл электр желісіндегі жүктемені азайту үшін қажет.
Microsoft Украинаға технологиялық көмек көрсетеді
Microsoft корпорациясы Украинаны қолдау шараларын 2023 жылдың соңына дейін жалғастырып, 100 миллион долларға технологиялық көмек көрсетеді. Бұл туралы компанияның вице-президенті Брэд Смит Украинаның цифрлық трансформация министрі Михаил Федоровпен кездесуі барысында мәлімдеген.
Техникалық көмек арқасында Украинадағы мемлекеттік мекемелер, маңызды инфрақұрылым және басқа секторлар цифрлық инфрақұрылымды тегін пайдалануды және Microsoft-та жұмыс істеуді жалғастыратыны атап өтілген.
G7 елдері Украинаға қысқа дайындалуға көмектесуге шешім қабылдады
Spiegel мәліметінше, биыл G7-ге төрағалық ететін Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербек форматқа қатысушылардың қысқы кезеңде Украинаға көмек көрсетуі бойынша үйлестірілген әрекеттерін жариялаған.
Ал Германия тарапынан Украинаға электр жүйесін тұрақтандыру үшін 100-ден аса генератор жіберілген. Сонымен қатар, жылытқыштар, сорғылар, тұрғын және санитариялық контейнерлер, кереуеттер, көрпелер мен шатырлар жеткізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!