Украинадағы жағдай: Қазақстан Қытай ұстанымы бойынша мәлімдеме жасады

Украинадағы жағдай: Қазақстан Қытай ұстанымы бойынша мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі өкілдері Қытай ұстанымы бойынша мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасы украиналық дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді.

"Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолымен шешуге балама жоқ деп санаймыз. Біз әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтаймыз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан Қытай Халық Республикасының Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған біздің мемлекеттеріміздің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешуінің ұқсастығын аталып өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек