Украинада тұрып жатқан әйел Қазақстан азаматтығынан айырылды

Украинада тұрып жатқан қазақстандық Ардақ Ешниязова Қазақстан азаматтығынан айырылды. Ақтөбенің Полиция департаменті өкілдері бұл іске қатысты қызметтік тексерісті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ZTB.KZ редакциясына Ардақ Ешниязованың әпкесі жазған. Оның сөзінше, Ардақ азаматтықтан бас тартуға ешқандай құжат тапсырмаған. 

"Әпкем тұрмысқа шыққан. Бүгінде Украинада, елге белгілі себептер бойынша келе алмай жүр. Ал жақында Ақтөбе қаласындағы көші-қон қызметінде менің әпкем азаматтығынан заңсыз айырылғанын білдік. Ол заң бұзған емес, азаматтықтан өз еркінен бас тартқан жоқ. Не үшін бұлай болды? Барлық жерге ресми сауалдар жолдадық, бірақ жауап жоқ. Хабарлассақ ешкім жауап бермейді. Әпкемізді алаңдаймыз, себебі Украинада соғыс болып жатыр. Кез келген адамға жеке құжаты керек қой", - дейді қазақстандықтың сіңлісі. 

Ақтөбе облысының Полиция департаменті өкілдері Tengrinews.kz редакциясына бүгінде құжаттау жүйесінде түзетуді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр және ҚР азаматтығын жоғалтуды жою мақсатында ҚР халқын құжаттандыру және тіркеу жүйесінде түзетуді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деді ПД өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!