Киев облысындағы Бровары қаласында тікшұшақ апатқа ұшырады. БАҚ тікұшақта Украинаның ішкі істер министрі Денис Монастырский мен оның орынбасары Евгений Енин, сондай-ақ Мемлекеттік хатшы болғанын жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Главред" басылымының мәліметінше, тікұшақ апаты салдарынан ішкі істер қызметінің өкілдері қаза болған.
Тағы бір басылым ZN.UA сайты да апат салдарынан елдің ІІМ басшылығы қаза тапқанын хабарлады.
Бұл ақпаратты Ұлттық полицияның басшысы Игорь Клименко растады.
"Бүгін таңертең Бровары қаласында ДСНС винті апатқа ұшырады. Тікұшақ апаты салдарынан ІІМ басшылығы министр, бірінші орынбасар мен Мемлекеттік хатшы қаза тапты. Жалпы, 16 адам қаза болған, оның ішінде 2 бала бар. 22 адам зардап шеккен, олар ауруханада, оның ішінде 10 бала бар", - дейді Игорь Клименко.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!