Украинада қанша қазақстандық қалғаны белгілі болды

Киевте Қазақстанның 200-600 азаматы бар. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы дипломатиялық миссиясының консулы Болат Каткенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Каткеновтің сөзінше, бүгінде Украинада консул, оның көмекшісі, Қорғаныс министрлігінің әскери атташесі аппараты және ҰҚК ресми өкілі бар. 

"Қалған қызметкерлер Польшаға уақытша көшіріліп, Варшавада жұмыс істеп жатыр", - дейді Болат Каткенов.

Сондай-ақ консул Қазақстан елшісі Варшаваға кетпегенін, ол кей уақыттарда Киевте болғанын атап өтті.  

"Елші Киевте болып, Украинаның мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен жоспарланған кездесулер өткізді. Жақында еңбек демалысына шықты, артынша Варшавадағы әріптестерімізбен бірге жұмыс істейді. Олар да мүмкіндігінше, Киевке келіп тұрады. Біздегі мәлімет бойынша, Украинада 200-600 қазақстандық азамат бар. Олардың елде қалу себебі әртүрлі, отбасы, үйі, шаруа қожалығы, кәсібі бар. Бірақ елдегі Қазақстан азаматтары саны одан да көбірек болуы мүмкін, себебі көбі Украинаға келгенін елшілікке хабарламауы мүмкін", - дейді консул. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!