- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Украинадағы соғыс
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, Президент Әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.
"Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат - тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын", - делінген жазбада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан