- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Украина Ресей тұтқынға...
Украина Ресей тұтқынға алған әйелдерді қайтарды
Украинаның кейбір қалаларында әуе дабылы жарияланды. Сондай-ақ, соғыс басталғаннан бері тұңғыш рет тұтқын әйелдерді алмасу операциясы жүргізілген. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі оқиғаларға шолу жасады.
Украина Қарулы күштері Ресей әскеріне 11 әуе шабуылын жасады
Украина Қарулы күштерінің ұшқыштары оңтүстік бағыттардағы Ресей әскерінің жеке құрамы мен қару-жарағына 11 әуе шабуылын жасаған. Бұл туралы 18 қазанда "Оңтүстік" жедел қолбасшылығы хабарлады.
Сонымен қатар, "Оңтүстік" жедел қолбасшылығы қарсы тараптан 22 адам қаза болғанын, төрт танк, екі миномет, өздігінен жүретін ірі калибрлі "Акация" гаубицасы, "Тор-М2" зенит-зымыран кешені және үш көлік бронетехникасы жойылғанын растаған.
Николаевта жарылыстан кейін жарық өшті
Николаев тұрғындары 18 қазанға қараған түні жарылыс дауысын естіген. Осыдан кейін қалада жарық өшіп қалған. Бұл туралы украиналық БАҚ хабарлады.
Nikolaev. You can see the brave fuel tanks which shooted down the Shahed pic.twitter.com/E7lWuA7gRg
— ДражаМ (@DrazaM33) October 16, 2022
Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Виталий Ким жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан. Қала әкімі Александр Сенкевич барлық қызмет жұмыс істеп жатқанын атап өткен. Жарылыс дыбыстарынан кейін қала мен облыста әуе дабылы жарияланған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Киев, Одесса және Николаев облыстарында әуе дабылы жарияланды
"Назар аударыңыздар. Кировоград облысы, әуе дабылы", - деп жазған Кировоград облысының әскери әкімшілігінің басшысы Андрей Райкович Telegram-арнасында.
Осындай хабарламалар Черкасс облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Игорь Табурцтың, Николаев облысының әскери әкімшілігінің басшысы Виталий Кимнің және Одесса билігінің Telegram-арналарында пайда болған.
Украина мен Ресей тұтқынға алынған әйелдерді алмасты
"Тұтқыннан 108 әйелді босаттық. Бұл бірінші рет тұтқын әйелдерді алмасу операциясы болды. Тұтқында туыстары күтіп отырған аналар мен қыздары болды", - деді Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак.
Another large-scale POWs swap was carried out today. Extremely emotional and really special: we freed 108 women from captivity.
— Andriy Yermak (@AndriyYermak) October 17, 2022
Mothers and daughters. Their relatives have been waiting for them to come back. 37 Azovstal evacuees, 11 officers, 85 privates and NCOs. pic.twitter.com/6wIjS2ouJe
Украина президенті Владимир Зеленский түнгі бейнеүндеуінде босатылған әйелдердің ішінде 96 әйел әскери қызметші екенін, оның ішінде 37-сі Азовсталиден эвакуацияланғанын, ал 12-сі бейбіт тұрғын екенін айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова