Украина президенті Зеленский "Жыл адамы" атанды

Украина президенті Зеленский "Жыл адамы" атанды
Фото: pravda.com.ua

Халықаралық бизнес басылымының авторлары Financial Times Украина президенті Владимир Зеленскийді "Жыл адамы" деп таңдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Financial Times басылымының авторлары Зеленский неліктен жыл адамы атанғанын түсіндірді.

"Ол ХХІ ғасырдың бағытын айқындайтын, авторитаризмге қарсы кең ауқымды жаһандық күресте либералдық демократияны ұстап отыр. Зеленский Ресей агрессиясына қарсы күресте украиналықтардың батылдығы мен төзімділігін көрсетті. Осы қасиеттері үшін Financial Times басылымы авторлары Зеленскийді "Жыл адамы" ретінде таңдады", - делінген хабарламада.

Владимир Зеленский - Украина президенті, мемлекет және саяси қайраткері. Ол 1978 жылы 25 қаңтарда Украина Кривой Рог қаласында еврей отбасында дүниеге келген. Орыс, украин және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Мемлекеттік қызметін бастамас бұрын ол шоумен, комик, актёр, режиссёр, продюсер, тележүргізуші мен сценарист болған. 

Еске салайық, Зеленский 2019 жылы Украинадағы президент сайлауында 73,18 пайыз дауыс жинап, Украина президенті болып сайланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек