Әскери тұтқын алмасу операциясы нәтижесінде 215 украиналық тұтқын босатылды. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми мәліметтер бойынша, босатылғандар арасында "Азов" батальонының 108 жауынгері мен 124 офицер бар.
Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы тұтқын алмасу процесі Түркияның делдалдығымен өткен. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Азов полкінің командирлерін босату шартына сәйкес, олар соғыс біткенге дейін Түркияда болуы керек.
Сонымен қатар, 55 адам және бұрынғы Украина халық комиссары Виктор Медведчук Ресей тарапына берілген.
"Бұл операция біраз уақыт дайындалды. Мұнда бірнеше компонент бар. Бірінші компонент: Ресейдің бір адамын 200 жауынгерге алмастырдық. Алдымен бізге Украина ҚК тергеу изоляторында болғандардың бірінің орнына 50 адамды қайтару ұсынылды. Екінші компонент - 200 жауынгерден бөлек тағы бес әскери командирді қайтардық, олар үшін көп күресуге тура келді", - деді Зеленский.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!