- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Украина Қарулы күштерінің...
Украина Қарулы күштерінің жетістігі. Зеленский кезекті үндеуінде не деді?
Ресей Украинаға астық экспорттауға мүмкіндік берген келісімді тоқтатқан болатын. Келісім халықаралық делдалдық арқылы жасалған еді. Бұл жайттың Украинаға қандай әсері болды? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
Зеленский майдандағы Украина Қарулы күштерінің жетістіктерін айтты
Чоп отрядының жауынгерлері Донецк облысындағы Ресей әскери күштерінің шабуылын тоқтатқан, ал Украинаның әуе күштері тікұшақ пен ұшақты атып түсірген. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский бейнеүндеуінде айтты.
Ресей Украина астығы бар 218 кеменің қозғалысына тосқауыл қойды
Украина Инфрақұрылым министрлігі мәліметінше, Ресейдің "астық мәмілесінен" шығуы Украинадан астық тасымалдайтын 218 кеменің қозғалысын шектеген.
Оларға 30 қазандағы жағдай бойынша, украиналық тарап бірлескен үйлестіру орталығынан қауіпсіз дәлізден өтуге және инспекция жүргізуге рұқсат алмағандықтан, кемелер қозғалысын жалғастыра алмайтыны айтылған. Қозғалысы тоқтатылған 218 кеменің 95-і Украина порттарынан шыққан, тексерісті күтіп отыр, ал 101-іне Украина порттарына кіру үшін тексеріс керек, қалған 22-сі Украина порттарынан шығады.
НАТО Ресейді "астық мәмілесіне" қайта келуге шақырады
Солтүстік атлантикалық альянс Ресейді БҰҰ делдалдығымен жасалған "астық мәмілесіне" қайта қатысуға шақырды. Euronews мәліметінше, НАТО ұйымының баспасөз хатшысы Оана Лунгеску бұл Украинаға жаһандық азық-түлік дағдарысы кезінде Қара теңіз арқылы астық экспортын қайта бастауға мүмкіндік беретінін айтқан.
Киев, Анкара және БҰҰ Қара теңіздегі 14 кеменің қозғалысына келісті
Бірлескен үйлестіру орталығының мәлімдемесінде үш делегация 31 қазанда жөнелтілетін 40 кемеге инспекция жүргізуге келіскені айтылған.
"Украина, Түркия және БҰҰ делегациялары 31 қазандағы 14 кеменің теңіз гуманитарлық дәлізі бойынша, 12 Украинадан келе жатқан кеме бойынша және келген екі кеменің қозғалыс жоспарын келісті. БҰҰ делегациясы Ресей Федерациясы делегациясын Бірлескен үйлестіру орталығы белгілеген рәсімдерге сәйкес орын ауыстыруы керегін хабардар етті", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 30 қазанда "астық мәмілесі" аясында алты кеме Украина порттарынан шыққан.
Ауру адамдар әлемді азық-түлік дағдарысына ұшыратады - Зеленский
Ресей шенеуніктері 29 қазанда Севастопольдегі Қара теңіз флотында дрондар "астық мәмілесі" аясында қолданылған азаматтық кемеден ұшырылды деген мәлімдеме жасаған. Украина президенті Владимир Зеленский осы мәлімдемеге пікір білдірді.
"Әлем не естіді? Астық тасығыштан біреу дрон ұшырып жатыр. Алдымен олар жауынгерлік құстар туралы, содан кейін жауынгерлік жәндіктер туралы, қазір жауынгерлік астық туралы айтып отыр. Не деуге болады? Шынында да, ауру адамдар. Бірақ осы ауру адамдар әлемді тағы да азық-түлік дағдарысына ұшыратады", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова