Украина қалаларға жаппай зымыран шабуылы жасалғанын хабарлады

Украина қалаларға жаппай зымыран шабуылы жасалғанын хабарлады
Фото: Видеодан алынған кадр

10 қазанда Украина қалаларына жаппай шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Telegram-да Киев пен 8 облыстағы 11 маңызды инфрақұрылым нысаны бүлінгенін жазды.

Әлеуметтік желілерде Украинаның әртүрлі аймағындағы жарылыстар туралы хабарлар пайда болды. 

Қалалардың мэрлері мен облыстық әскери әкімшілік басшылары ресми Telegram-арналарында жариялаған ақпарат бойынша, Киев, Хмельницкая, Львов, Тернополь, Харьков, Одесса, Николаев, Житомир, Сумы, Днепропетровск және басқа да облыстарда маңызды инфрақұрылымға соққы жасалған.

Кейбір қалаларда, соның ішінде, Харьков, Хмельницкий, Житомир және Львов қалаларында электр және сумен қамтамасыз етуде мәселе туындағаны бары жазылып жатыр, ұялы байланыс пен интернетте де ақау шыққан.

Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный 10 қазанда Украинада 75 зымыран атылғанын, оның 41-ін әуе шабуылына қарсы қорғаныс атып түсіргенін айтты.

Ресейдің Украинаға жаппай зымыран шабуылы - Владимир Путиннің бейбіт келіссөздерге шақырғандарға берген жауабы. Бұл туралы 10 қазанда шабуылдарға қатысты пікір білдірген Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Ростислав Смирнов мәлімдеген алдын ала мәлімет бойынша, 8 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған. Ал Украина Ұлттық полициясы 5 адам қаза тауып, 12 адам жараланғанын хабарлаған. Адамдар қаза болғанын Украина президенті Владимир Зеленский де растаған.

Еске салайық, бұған дейін кейінгі тәулікте Украинада не болғаны туралы материал жарияланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова