Украина Әзербайжаннан газ ала бастады

Украина Әзербайжаннан газ ала бастады
Фото: depositphotos.com

Украинаға Трансбалқан дәлізі арқылы Әзербайжаннан газ жеткізу басталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде "Нафтогаз" басқарма төрағасы Сергей Корецкий мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сынақ режиміндегі газ жеткізу процесі Болгария - Румыния - Украина шекарасы бағыты бойынша жүзеге асырылады.

"Бұл - ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жол ашатын шағын, бірақ стратегиялық маңызды қадам. Сондай-ақ, газ жеткізу көздерін әртараптандырудың және Украинаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтудың тағы бір мысалы", - деп жазды ол Facebook-те.

Айта кетейік, Әзербайжан мен Ресей арасындағы жағдай шиеленіскен шақта Әзербайжан Украинаға газ жеткізіп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget