Украина мен АҚШ пайдалы қазбаларды өндіру туралы келісім бойынша келіссөздердің соңғы кезеңінде тұр. Бұл туралы Украина вице-премьері Ольга Стефанишина мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Вице-премьердің айтуынша, украиналық және америкалық тараптар келіссөздің соңғы сатысына өткен, келісімнің барлық негізгі тұстары келісілген.
"АҚШ пен Украина көшбасшылары бұл келісімге Вашингтонда мүмкіндігінше тезірек қол қойып, бекітеді деп үміттенеміз", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Украинаға көрсеткен көмегінің өтеуі ретінде украиналық ресурстарды пайдалануға шақырған еді. Алайда Украина президенті Владимир Зеленский бұл келісімге қол қоюдан бас тартты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!