АҚШ-тағы журналистикасының басты марапаты Пулитцер соғыс кезінде Мариупольде қалған украиналық журналистерге берілді.
"Қоғамға қызмет" ең беделді аталымы бойынша 2023 жылғы Пулитцер сыйлығы украиналық деректі кинорежиссер және бейнеоператор Мстислав Черновқа, фотограф Евгений Малолеткаға, продюсер Василиса Степаненкоға және Associated Press агенттігінде жұмыс істейтін еуропалық тілші Лори Хинантқа берілді. Бұл туралы ақпарат марапаттау сайтында 9 мамыр, сейсенбіге қараған түні жарияланды.
Чернов, Малолетка және Степаненко ұрыс кезінде Мариупольде қалған батыс БАҚ өкілдерінің бірі болды. Дәл осылар Ресейдің оқ жаудырған Мариуполь перзентханасынан хабар жариялады. Евгений Малолетка "Жаңалықтар фотографиясы" номинациясы бойынша Пулитцер сыйлығын да жеңіп алды - ол марапатты Associated Press-тің басқа фотографтарымен бөлісті.