Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңарған құрамы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарды іске асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын. Сіздер келісім берген жағдайда Үкіметтің жаңарған құрамы табысымызды сақтай отырып, Қазақстанды сапалы даму жолына шығару үшін бар-күш жігерін салады деп сенемін. Ертең Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді. Онда жаңа құрамның алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталамын", - дейді Президент.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткен болатын. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Үкімет жаңадан қашан құрылатынын айтты
Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау тәртібі туралы айтты. Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
"Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады", - деді Берік Уәли.
Ол сондай-ақ сәрсенбіде, 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін еске салды.
Қазақстан үкіметін 2 жылдан аса уақыт басқарған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.
Бүгінде премьер-министр қызметіне 43 жастағы Олжас Бектенов ұсынылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!