- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үкіметтің жаңа құрамы...
Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес, тағайындау туралы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;
Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының әділет министрі;
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының энергетика министрі.
Н. Үсенова