Үкіметтен ауылдық жердегі медицинаны дамытуға 60 миллиард бөлінді

Үкіметтен ауылдық жердегі медицинаны дамытуға 60 миллиард бөлінді
Фото: Tengrinews.kz

Үкімет "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасына 60,3 млрд теңге бөлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.  
 
Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадрлардың ағылуы – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер. 
 
Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті. Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Үкімет Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр", - деді Олжас Бектенов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина