Арман Шаққалиев сауда және интергация министрі қызметінде қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", - делінген президент жарлығында.
Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында туған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Астана және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ашық акционерлік қоғамында заң кеңесшісі болып бастаған.
2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігінде, Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2004-2006 жылдары «Қазақстан метрология институты» РМК директоры болып еңбек еткен.
2006-2007 жылдары — Мемлекеттік кірістер министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
2007-2008 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
2008-2016 жылдар аралығында «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарған.
2016-2018 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалған.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болған.
2022 жылғы қарашадан бастап — Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!