Үкіметте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы 18 наурызда Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Оның айтуынша, 20 наурызда палаталардың бірлескен отырысында "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Қазір заң жобасы Парламентте.
"Биыл 20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында бірінші оқылымды өткізу, 27 наурызда екінші оқылымды өткізу жоспарланып отыр", - деді Серік Жұманғарин.
Серік Жұманғарин құжат жаңа Конституцияны және Мемлекет басшысының 2025 жылғы жолдауын іске асыру аясында әзірленгенін айтты.
Вице-премьердің сөзінше, наурыздың аяғына дейін заң жобасын Мемлекет басшысының қарауына ұсыну жоспарланып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова