- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үкіметте экономиканы жаңғырту...
Үкіметте экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті
Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың, өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамытудың, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.
Орталық мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына", "Қазақтелеком" және "Тау-Кен Самұрық" компаниялары басшыларының қатысуымен өткен талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешімдер қабылдады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы