- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үкімет шегірткелермен күресуге...
Үкімет шегірткелермен күресуге қыруар қаржы бөлді
Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов елімізде шегірткелермен күресу үшін қанша қаражат қарастырылып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Табын шегірткелерімен күресу үшін республикалық бюджеттен алдын ала 4,2 миллиард теңге бөлінді. Онымен қоса, үкімет резервінен қосымша 3,9 миллиард теңге бөлінді. ҚР заңнамасына сәйкес препараттарды жеткізу және химиялық өңдеу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы коммерциялық ұйымдар көрсетеді. Қазіргі таңда шегірткелермен күресу үшін 2,46 миллион гектар алаңда өңдеу үшін пестицидтер қоры уақтылы сатып алынды, 153 мың гектар алаңға конкурстық рәсімдер жалғасуда.1,75 млн га алаңға химиялық өңдеу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша шарттар жасалды, 794 мың гектар алаңға конкурстық рәсімдер жалғасуда", - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.
Әбдікәрімов шегірткелерді улау жұмысы қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.
"Химиялық өңдеулерді жүргізуге 405 бірлік арнайы бүрку техникасы , 29 - аса жеңіл авиация кемелері (ТҚА), 33 - ұшақтар, 2 - пилотсыз авиациялық жүйелер (қол жетуі қиын жерлерде өңдеу үшін) және 8 - рюкзактар тартылатын болады. Жалпы бүріккіштер жеткілікті. Бүкіл облыстардағы жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын облыс әкімдіктерімен жедел штабтар құрылды", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев