- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үкімет шаруаларға 30...
Үкімет шаруаларға 30 миллиард теңге бөлмек: қаражат қайда жұмсалады?
Елімізде жаңа жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мүмкіндік ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға арналған. Оларға 5 пайыздық несие қаржылай колдау ретінде беріледі. Қаражатты шаруалар отандық шикізат сатып алу үшін пайдаланады.
Үкімет бастаманы іске асыру үшін қазынадан 30 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған.
"Келесі жылдан бастап агроөнеркәсіп кешенін субсидия алуға өнім бермей, бірден арзанырақ несие алуға мүмкіндік ашылып, қаржы институттарын тікелей субсидиялау басталады. Бұл бағыт өңдеуші кәсіпорындарға айналым қаражатын алу үшін сынақтан өткізіліп жатыр. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың жаңа тәсілін субсидиялау процесінде қажеті жоқ бюрократияны жойып жатырмыз", – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова