Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндетін атқаратын болсын.
2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған жарлық мәтінінде.
Еске салайық, бұған дейін Құрылтай жұмысы басталғаннан кейін қазіргі Үкімет өз өкілеттігін тоқтатуға міндетті екені хабарланды.
Премьер-министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныс енгізеді. Президент оның мүшелерін Құрылтаймен кеңескеннен кейін тағайындайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова