Қырғызстанда Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Қырғызстанның президент әкімшілігі алқасының отырысында елдің премьер-министрі Ақылбек Жапаров Үкімет мүшелеріне тойға бурға тыйым салды.
Оның айтуынша, президенттің жарлықтары мен тапсырмалары сапалы әрі мерзімінде орындалуға тиіс. Сонымен қатар, ол Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығына тоқталды.
"Қайда ысырапшылдық бар, ол жерге бармаңыздар. Тойға бармаңыздар", - деді Ақылбек Жапаров.
2022 жылы ақпанда Қырғызстанда президенттің жарлығына қол қойылып, іс-шаралар кезіндегі шектеулер туралы заң күшіне енді. Мақсаты - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ, ысырапшылдықтың алдын алу.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!