- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үкімет келесі жылғы...
Үкімет келесі жылғы суару кезеңіне 757 жаңа техника сатып алмақ
Үкімет келесі жылғы суару кезеңіне 757 жаңа техника сатып алмақ, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның ішінде шынжыр табанды техника, экскаваторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар. Бұдан бөлек, жаңадан 8 жер снаряд алынады. Бұл су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер.
Арнайы техника каналдардың су өткізу қабілетін арттыруға, су қоймаларының экологиялық жағдайын жақсартуға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
"Жаңа техникалар көктемгі жұмыстар басталмай тұрып аймақтарға жеткізілуі керек. Келесі жылы 8 жер снаряд түгел жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін барлық филиалдар бүгіннен бастап маман даярлауы қажет.
Жаңа техникаларды пайдалану бойынша алдын ала жоспар әзірлеп, нақты нәтижеге жұмыс істеу керек", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина