Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр.
Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінген. Қаражат 11 нысанның, яғни медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.
2025 жылы Ақтөбе облысының мына аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:
Сондай-ақ, медициналық пункттер:
Дәрігерлік амбулаториялар:
"Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 адамға қызмет көрсетуге есептелген", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!