- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үкімет басшысы қосылған...
Үкімет басшысы қосылған құн салығы өспейтінін мәлімдеді
Фото:
depositphotos.com
Елімізде қосылған құн салығы (ҚҚС) өспейді. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы, яғни НДС-тың ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек", - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Еске салайық, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚҚС-ты 12 пайыздан 16 пайызға көтеру панацея емес екенін мәлімдеген еді.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz