- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үкімет "АрселорМиттал Теміртау"...
Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты мәлімдеме жасады
Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таңертең Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баспасөз мәслихаты туралы хабарлама таратты. Брифинг сағат 12:00-де басталады деп жоспарланған. Тақырып "АрселорМиттал Теміртау" деп көрсетілген.
Айта кетейік, 30 қарашада Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан үкіметі мен "АрселорМиттал" арасындағы келісімнің соңғы кезеңіне жақындап қалғанын хабарлаған болатын. Бұл шараның маңызын ескере отырып, министрлік мәміле аяқталғаннан кейін дереу брифинг өткізуге уәде берді.
Еске салайық, 28 қазанда Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада 46 кенші қаза болған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай орнына барып, кеншілердің отбасына көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек