Үкімет 2025 жылғы резервке қанша қаражат бөлді?

Үкімет 2025 жылғы резервке қанша қаражат бөлді?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда кейбір құзырлы органдардың резервтегі қаражаты көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аталған құжаттың 18-бабында Үкiметтің 2025 жылға арналған резервi 339 миллиард теңге екені жазылған.

"19-бап бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына 2025 жылға арналған резерв 100 миллиард теңге сомасында бекітілсін", - делінген құжатта.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінде келер жылы мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 10 миллион 500 мың теңге сомасында қаражат көзделген.

Айта кетерлігі, бюджет туралы заңда көрсетілгендей, Көлік министрлігі өзіне қарасты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына" 179,5 миллиард теңге бөліп отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

E. Aitkazina