Үкімет 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынды

Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет 1,3 триллион теңгеден аса сомаға 128 салық жеңілдігін алып тастауды ұсынып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы вице-премьер Мәжіліс отырысында бірінші оқылымда жаңа Салық кодексі жобасын талқылау барысында мәлімдеді.

"Бұл мәселеде неғұрлым ашық жүйе құрылады және салық жеңілдігін беру, ұзарту және қысқарту шарттары белгіленеді", - деді Жұманғарин.

Сонымен қатар, Үкімет ҚҚС 16 пайыз болады деп жоспарлап отыр (қазір 12 пайыз - еск.). ҚҚС бойынша шекті 40 миллион теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылып отыр.

Салық жеңілдіктері дегеніміз - мемлекет салық төлеушілердің белгілі бір санаттарына беретін жеңілдік, бұл - салықтан толық немесе ішінара босату.

Мысалы Қазақстанда мұндай жеңілдіктер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен кооперативтер үшін қолданылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз